Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Халықаралық әйелдер күніне орай қыз-келіншектер қауымымен кездесті.

– Әйел – ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы. Бүгінде қазақ қыздары қоғамның барлық саласына да еркін араласып, тамаша табыстарға қол жеткiзiп келедi. Бұл біз үшін, ерлер қауымы үшін үлкен мақтаныш, биік мәртебе. Біздің қоғамда әйел азаматтар отбасының ғана емес, мемлекетіміздің берекесі, мерейі. Сіздердің бойларыңыздағы шексіз сүйіспеншілік, мейірім мен нәзіктік әр адамның өмірін бақыт пен берекеге толтырады.


Бұдан кейін Тараз қаласының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Қосайкүл Сейдалина, «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, профессор Айгүл Қабиева, «Шапағат» корпоративтік қорының төрайымы, инватакси жобасының басшысы Севара Нурматова және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, ақын Ғайни Әлімбекқызы ақжарма тілектерін арнап, қала әкіміне алғыстарын білдірді.
Тараз қаласының әкімдігі