

Нысан екі жеделсатымен жабдықталады. Сондай-ақ бағдаршам орнату, аумақты абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Жол өтпесі қала орталығын теміржол желісінің арғы бөлігінде орналасқан тұрғын үйлермен байланыстырып, қаланың транзиттік көлік қозғалысын жеңілдетеді.![]()


Ауқымды инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру облыс орталығындағы логистиканы жақсартуға, көлік қозғалысының тиімділігін арттыруға және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Облыс орталығында тағы бір ауқымды көлік жобасы – Абай даңғылының Сыпатай батыр көшесінің қиылысынан Жамбыл даңғылына дейін созылатын жол өткелінің құрылысы жоспарлануда.![]()


Салтанатты шара барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, «BI GROUP» директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаев сөз сөйледі.
