Тараз қаласында кезекші ХҚКО мекенжайы өзгереді

36

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Жамбыл облысы бойынша филиалы 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап кезекші кесте бойынша Төле би көшесі, 89Г мекенжайында орналасқан, Тараз қалалық «Әулиеата» ауданының №1 ХҚКО жұмыс істейтінін хабарлайды.

Ал Тараз қалалық «Жібек жолы» ауданының №2 ХҚКО күнделікті жұмыс кестесіне көшеді: дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Айта кетейік, кезекші ХҚКО-лар азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін үзіліссіз 9:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Сонымен қатар, кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгеріссіз қалады: №1 мамандандырылған ХҚКО – Төле би көшесі, 198А және №2 мамандандырылған  ХҚКО – Қойгелді көшесі, 158А. Олар дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, дайын құжаттарды беру 20:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сенбі күні – 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.