Сіздерге Республика күні қарсаңында, таяу күндері «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені, Достық үйінде өтетін «ӘРАЛУАНДЫҚ АРҚЫЛЫ – БІРЛІККЕ» атты Жамбыл облысы этностарының мәдениеті мен дәстүрі күндеріне арналған ұлттық мерекелік іс-шара өтетінін хабарлаймыз!
Этностар күніне арналған салтанатты шарада К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы және этнос өкілдері әншілерінің концерттік бағдарламасына, дәмі тіл үйірер ұлттық тағамдарға, ауыл-шаруашылық өнімдері және қолөнершілер жәрмеңкелеріне, караоке алаңының қызықтары мен спорттық шаралардың тартысына куә боласыздар.
Обылысымызды мекен еткен түрлі этностардың мәдениеті мен өркениетінен сыр шертер салтанатты шарадан құр қалмаңыздар!