ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛІП, МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ

123
Апта басында аудан әкімі Ә. Балқыбековтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес отырысы болып өтті.
♦Кеңес отырысы басталмас бұрын аудан басшысы алдымен жиынға жиналған активін жаңадан сайланған Жамбыл, Мойынқұм және Хантау ауылдық округтерінің әкімдері А.Қалыбаева, Р.Тұрарқұл және Ә.Сейтқазиевті жаңа қызметтерімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
♦Күн тәртібінде 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы, аудан бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары туралы, берешек көлік салығы және әртүрлі басқа да өзекті мәселелер қаралды.
♦Аудан әкімі Ә.Балқыбеков көтерілген барлық мәселелер бойынша жұмысты ширату үшін тиісті басшыларға тапсырмалар беріп, жиынды қорытындылады.
Жиынға «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен бірқатар тиісті мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

Мойынқұм ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.