Танымдық мағынасы бар бейнефильмдер көрсетілді

78

ҚР ІІМ ҚАЖК №25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтарға ислами танымдық мағынасы бар бейнефильмдер көрсетілді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №25 мекемесінде жазасын өтеп отырған сотталған азаматтарға дін саласындағы заң бұзушылықтардың салдарын түсіндіру және дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатында Дін істері басқармасының оң қорытындысын алған «Зайырлы мемлекет және Жалған жихад» атты діни көркемфильм көрсетіліп, оның мән-мағынасы түсіндірілді. Түзеу мекемелеріне келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жүрген дін өкілдерінің айтуынша түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтардың адасып, жат ағымның жетегінде кетпеуі үшін діни көркем фильмдердің ықпалы зор.

Leave A Reply

Your email address will not be published.