University College London (UCL) жүргізген COVID-19 Social Study зерттеуі таңертең адамдардың көңіл-күйі кешкі уақытқа қарағанда жақсырақ болатынын көрсетті. Ғалымдар 50 000 адамның деректерін зерттеп, таңертеңгі уақыт адамдар үшін ең көңілді кезең екенін анықтады. Бұл тіпті «үкілерге» де қатысты.
Ғалымдардың айтуынша, мұның себебі кофеде емес, кортизол гормонында. Ол таңертең сергектік сыйлайды, ал түнге қарай ағза шаршап, психологиялық жағдай нашарлай бастайды. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері жұмыс күндері психикалық тұрақтылық жоғарырақ болатынын, ал демалыс күндері көңіл-күй жиі өзгеретінін анықтады.
сурет: istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/255572-tanerten-adamdar-bakyttyrak-bolady-zertteu