Тамыз – неке қию үшін ең танымал ай

28
Тамыз – неке қию үшін ең танымал ай
istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/263058-tamyz-neke-qiiu-usin-en-tanymal-ai

2015-2024 жылдар аралығындағы деректерге сәйкес, Қазақстан Республикасында некенің көпшілігі тамыз айында тіркеліп келеді. Соңғы он жылда бұл айда орта есеппен жыл сайын 14,9 мың неке қиылған. Ең жоғары көрсеткіш 2016 жылы тіркелген – 16,9 мың неке.

2015 пен 2022 жылдар аралығында шілде мен қыркүйек те неке қию үшін жиі таңдалатын айлардың қатарында болды. Алайда соңғы екі жылда қыркүйекке қарағанда маусым айы басым түскен. Мәселен, 2024 жылы маусымда 11,6 мың, ал қыркүйекте 10,8 мың неке тіркелген.

Осылайша, 2023 жылдан бастап маусым, шілде және тамыз айлары неке тіркелетін ең танымал айларға айналды.

Ең аз неке саны қаңтар айында тіркелген – соңғы он жылдың ішінде бес рет дәл осы ай ең төменгі көрсеткішке ие болған. Мамыр да неке саны бойынша төмен деңгейде қалып келеді.

Соңғы он жылдағы ең төменгі айлық көрсеткіш 2020 жылдың сәуірінде, пандемия кезінде тіркелді – ол кезде барлығы 3,8 мың неке ғана қиылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.