Тазалықты сақтау – денсаулық кепілі, ішкі мәдениет пен саналы ойдың жемісі. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілік таныту – әр тұрғынның басты міндеті. Алайда, қала тазалығына немқұрайлы қарап, кез келген жерге қоқыс тастап кететін тұрғындар азаймай тұр. Тіпті, айыппұл арқаласа да…![]()


Қала әкімдігінің аумақтық бас инспекторлары мен учаскелік полиция қызметкерлері қала ішінде жеке және заңды тұлғалардың күл-қоқыс пен құрылыс қалдықтарды белгіленбеген орынға төгудің алдын алу, анықтау бойынша күнделікті жұмыстар жүргізуде.![]()


