Тамыз айында 185 тұрғынға ескерту берілді

184
Тазалықты сақтау – денсаулық кепілі, ішкі мәдениет пен саналы ойдың жемісі. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілік таныту – әр тұрғынның басты міндеті. Алайда, қала тазалығына немқұрайлы қарап, кез келген жерге қоқыс тастап кететін тұрғындар азаймай тұр. Тіпті, айыппұл арқаласа да…
Шаһар аумағында биылғы жылдың 1 мамырынан бастап құрылыс қалдықтарын және стихиялық қоқыс орындарын тазалау мақсатында кешенді жұмыс басталды.
Қала әкімдігінің аумақтық бас инспекторлары мен учаскелік полиция қызметкерлері қала ішінде жеке және заңды тұлғалардың күл-қоқыс пен құрылыс қалдықтарды белгіленбеген орынға төгудің алдын алу, анықтау бойынша күнделікті жұмыстар жүргізуде.
Нәтижесінде, үш айда (мамыр, маусым, шілде) 623 кемшілік анықталып, 598 тұрғынға ескерту берілсе, 25 тұрғынға айыппұл салынған. Ал, тамыз айының бірі мен отыз бірі аралығында 185 кемшілік анықталып, оның ішінде 184 тұрғынға ескерту берілді. Сонымен қатар 1 тұрғынға айыппұл салынды.
Жалпы, тазалықты сақтамаған тұрғындарға салынатын айыппұл мөлшері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңгені құрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.