Талдықорғанда сүйіктісін кеңсе пышағымен бауыздамақ болған ер адамның ісі сотқа жетті

78

видеодан кадр

Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі екі бап бойынша іс жеткізілгенін мәлімдеді.

«Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында С. есімді азаматтың үстінен “Бұзақылық” және “Бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу” бойынша іс өндірісте» , – деді Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.



27 қазанда Талдықорғандағы сұлулық салондарының біріндеер адам өзінің бұрынғы сүйіктісіне шабуыл жасап, оның тамағын пышақпен бауыздамақ болған. Бұл бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда ер адамның қызды соққымен жерге құлатып, сосын оны қағып, тұншықтырып жатқанын көруге болады. Ол үстелден кеңсе пышағын алып, қыздың мойнын тіле бастайды.

Кейін жігіттің бір-екі күннен кейін үйқамаққа шығарылып, іс «Бұзақылық» бабы бойынша ғана қозғалғаны белгілі болды. Қоғамдық наразылықтан кейін ғана ол қамауға алынып, іс «Кісі өлтіруге оқталу» деп өзгертілді. Кейін бұл іс бойынша полицейлер жазаланды.

Бұған дейін жігіт бойжеткенді жүйелі түрде ұрып-соққан, бірақ қыз оны кешіре берген. Қазан айында Талдықорған қалалық соты ер адамға қызға жақындауға тыйым салғанымен, ол бұрынғы сүйіктісін аңдуын қоймапты.

https://stan.kz/taldikorganda-suyiktisin-kense-pishagimen-bauizdamak-bo-397554/

Leave A Reply

Your email address will not be published.