Таласта жаңа форматтағы мемлекеттік қызметшілерді қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде

170
Қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет жаһандық мәселелерге төзімділікті қалыптастыру жолында мемлекеттік қызметшілерге жаңа талаптар қояды. Бүгінгі күні кез келген жағдайда тиісті тәсілдер мен айрықша шешімдер табуға қабілетті, ерекше ойлайтын жаңа форматтағы мемлекеттік қызметшілерді қалыптастыруды көздейді. Осы мақсатқа қол жеткізу жолында туындайтын мәселелерді шешу және жою қажет.
Қазіргі заманның дәстүрлі рәсіміне айналған бейресми кездесулер көптеген мәселелердің шұғыл шешілуіне, мемлекеттік қызметшілерді жаңа дағдыларға жылдам үйретуге, мәдени алмасуға, тәжірибе қабылдауға және ой-өрістің кеңеюіне ықпал етеді. «ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысындағы әдеп жөніндегі кеңесінің Талас ауданындағы көшпелі іс—шаралары» бағдарламасы аясында «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының директоры, әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Төлендиев Қасымхан Естемесұлымен өткізілген жиын бейресми, басқа сөзбен айтқанда «галстуксыз» форматта өткізіліп, ол өз кезегінде ашық және ізденіске толы әңгіменің туындауына ықпал етті. Талас ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен өткізілген кездесудің жаңа үлгісі екі жақтың да көңілінен шықты. Қатысушылар жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, олардың сыртқы келбеті мен әлеуметтік желіде өзін өзі ұстауы сияқты мемлекеттік органдар қызметінің түрлі бағыттары бойынша өз пікірлерін білдірді.
Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.