ТАЛАСТА ТАЛАЙ ТАҒЫЛЫМДЫ ІС БАР ЕКЕН

80
ТАЛАСТА ТАЛАЙ ТАҒЫЛЫМДЫ ІС БАР ЕКЕН
Аймаққа жұмыс сапарымыз аясында Бекболат Серікбекұлымен бірге Талас ауданында болдық. Бірқатар өндіріс орнын аралап, аймақтағы нысандардың қызметін көрдік. Талас ауданының индустриалды аймағында орналасқан жобалармен таныстық.
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ
Қаратау қаласындағы 5 қабаттан тұратын №13 тұрғын үй ел игілігіне беріледі. Мұнда 80 пәтер бар. Жылпы өткен жылы ауданда 375 азамат баспаналы болған. Соңғы жылдары ауданда ескі көпқабатты үйлер қайта жаңғыртылуы жоғары деңгейде жүргізілуде.
Сондай-ақ өңірде натрий пиросульфитін өндіретін зауыт құрылысын жүргізілуде. Инвест жобаға тиісті қолдау көрсетілуде.
Бұдан кейін Қаратау қаласындағы «Игілік» жылу қазандығында жалғасты. Кәсіпорын қаланы жылумен, ауыз сумен және кәрізбен жабдықтау шаруашылық қызметтерін іске асырады. Бүгінгі таңда қазандық көппәтерлі тұрғын үйді, мемлекеттік мекемені, сондай-ақ, әлеуметтік және коммерциялық объектілерді жылумен, ауыз сумен қамтамасыз етуде.
Қазандықтың жылу қуаттылығы- 92,5 Гкал/сағ. Бірақ бүгінгі таңда қазандықтың жылу беру қуаттылығы — 76,3 Гкал/сағ құрап отыр.
Бұған орталық қазандықта — 2 дана бу қазандығының ДЕ-25/14 ГМ — 1 данасы ғана жұмыс істеп тұр, 2 -ші данасының жұмыс істеу мерзімі өткені себеп болып отыр.
Ал су қазандығының ПТВМ-30 — 2 данасы жұмыс істеп тұр.
Алдағы уақытта 1 дана бу қазандығы- ДЕ-25/14 ГМ және 2 дана су қазандығы ПТВМ-30 қайта жаңартылатын болса онда орталық қазандықтың жылу қуаттылығын өз деңгейінде — 92,5 Гкал/сағ беру мүмкіндігі ие болмақ. Әрине, мұндай қажетті жұмыстарға қолдау көрсетілетін болады.
Сәкен Арубаев ,
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.