Талаптары орындалмады: Бес күн ереуілдеткен «Sicim» компаниясының 400-ге жуық жұмысшысы ақысыз демалысқа шықты

82

ереуіл

Бұл туралы «Мой город» порталына KKS-Sicim жобасының жетекшісі Роза Кагирова мәлімдеген.

Жұмысшылар басшылықтан жалақыны 50 пайызға өсіруді сұраған. Бұл талап орындалмаған.

Бұдан бөлек, 20 қаңтар күні жұмысшылар сол күні шыққан компания басшысының бұйрығымен танысқан. Онда 1 ақпаннан бастап жұмысшылар жалақысының инфляция деңгейіне сәйкес, 20 пайызға индекстеу жүргізілетіні; технологиялық құбыр жөндеушілері (монтажник) мен болат және темір құрылысты жөндеушілердің тариф ақылары теңестірілетіні; ауысым күндерінде жұмысшыларға Ақсай-Орал-Ақсай бағытында жүретін автобус бекітілетіні; 1 тамыздан бастап жұмысшылар жалақысы 10 пайызға өсірілетіні; жыл қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстары сәтті аяқталған жағдайда жұмысшыларға орташа жалақы көлемінде сыйақы төленетіні жазылған.



«Бүгінге дейін 400-ге жуық қызметкер өз бастамаларымен жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына шықты, тағы тоғыз адам өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазды. Осы күндері 16 қаңтардан бастап бүгінге дейін кәсіпорынның техникалық қызметкерлері (асхана, кір жуу және т.б.) әдеттегідей жұмыс істеді. Шамамен 1900 жұмысшылар таңғы, түскі және кешкі аспен қамтамасыз етілді. Біз өз кезегімізде ереуіл бастамашыларын анықтап, оларды қудалауды көздеп отырған жоқпыз», — дейді Роза Кагирова.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі бұған дейін KKS-Sicim компаниясында үш мыңдай жұмысшы барын, солардың 500-ге жуығы ереуілдетіп тұрғанын хабарлаған. Италиядан келген компанияның бас директоры Джузеппе Роделли ереуілдеткен жұмысшылармен кездесіп, жалақы тек ақпанда 20 пайыз көтерілетінін, кейін тамызда тағы 10 пайызға көтеруді қарастыратынын айтқан.

 

https://stan.kz/talaptari-orindalmadi-bes-kun-ereuildetken-sicim-kompan-376511/

Leave A Reply

Your email address will not be published.