Талап-қарыздар уақытылы өтелуде

284

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде 491 сотталған азамат жазасын өтеуде. Олардың ішіндегі 397-нің 968 талап-қарызы бар. Аталған қарыздың жалпы сомасы 3 449 484 262 тенгені құрайды.

Атап айтқанда, 210 сотталғанның мемлекеттік талап-қарызы –  90 985 843 теңге болса, 187 сотталғанның жеке пайдаға және заңды тұлғаларға талап-қарызы – 3 358 498 419 теңге көлемінде.

Бүгінгі күнге дейін  сотталғандардың жалақыларынан аталған қаражат уақытылы өндіріліп алынуда. Мәселен, қазіргі таңда 57 сотталғанның 74 атқару парағы бойынша – 2 363 037 теңге өндірілген. Оның ішінде 27 сотталғаннан 827 662 теңге мемлекет пайдасына, 2 30 сотталғаннан 1 535 375 теңге жеке пайдаға өндірілді.

Сонымен қатар, жылдың басынан бастап 91 сотталғандар өз еріктерімен талап қарыздарын өтеді. Оның жалпы сомасы 61 408 929 теңге 14 тиынды құрап отыр. Жалпы алғанда ЖД 158/2 мекемесінен 148 сотталған азаматтардан 63 771 966  теңге 14 тиын өндірілді. Бұл талапты орындау мақсатында сотталған азаматтарға барлық жағдай жасалуда. Алайда талаптар толық орындалмай отыр.

М. Шукенова ,

ЖД-158/2 мекемесі қаржымен қамтамасыз ету қызметінің бухгалтері

Leave A Reply

Your email address will not be published.