Тағайындау

55
Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының 2023 жылғы 21 тамыздағы бұйрығымен Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Сейтбеков Жеңісбек Оразбақұлы тағайындалды.
️Жеңісбек Оразбақұлы 1981 жылы 10 мамырда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қайрат ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
️2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін «Құқықтану» және 2016 жылы Шымкент қаласы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «денешынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
️Еңбек жолын 2006 жылы Жуалы аудандық «Казпошта» бөлімшесінде жүргізуші-инкассатор болып бастаған.
2011 — 2017 жылдары Жуалы ауданы Мыңбұлақ орта мектебінде спорт нұсқаушы, Жуалы ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ Ақсай ауылдық округінде спорт және жастар ісі нұсқаушысы;
2017 — 2020 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің №13 жасөспірімдер спорт мектебінің спорт нұсқаушысы
2020 – 2021 жылдары Жуалы ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің аппаратының спорт нұсқаушысы (әдіскер)
2021 – 2023 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Бұқаралық спорттық іс шаралар өткізу орталығының спорт нұсқаушысы;
2014 – 2023 жылдары «Бексұлтан» ЖК директоры
17.04.2023 жылдан бастап осы күнге дейін Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
️2023 жылы 21 тамыздан бастап Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

 

Жуалы ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.