ТАҒАЙЫНДАУ

211
Сарысу ауданы әкімінің 2023 жылғы 11 тамыздағы №350-ө өкімімен Серимов Қайрат Маратұлы Сарысу ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Серимов Қайрат Маратұлы 1979 жылы 8 қыркүйекте Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласында дүниеге келген.
Ұлты қазақ, білімі жоғары
2005 жылы Агротехникалық институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит», 2011 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы «Керімбай» шаруа қожалығының бухгалтер – экономисті болып бастаған.
2004-2008 жылдары «Керімбай» шаруа қожалығының басшысы,
2008-2009 жылдары Көктал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы,
2009-2010 жылдары Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы,
2010-2015 жылдары Тамды ауылдық округінің әкімі,
2015-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының директоры,
2017-2020 жылдары Қаратау қаласының әкімі,
2020 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Талас ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.