ТАҒАЙЫНДАУ

57
Бүгін Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымына Инкарбеков Елдос Наретович тағайындалды.
Еңбек жолы:
• 24.05.2004 – 25.05.2009 – Жүргізуші, 82746 әскери бөлімінің жөндеу ротасында әскери қызметті келісімшарт бойынша өткеру, Отар ауылы
• 25.05.2009 – 25.11.2010 – Жүргізуші – темір ұстасы, 82796 әскери бөлімінің жөндеу ротасы, Отар ауылы
• 25.11.2010 – 02.12.2011 – Бөлімше командирі, 82796 әскери бөлімінің жөндеу ротасы, Отар ауылы
• 02.12.2011 – 10.11.2015 – Сержант, 82796 әскери бөлімінің жөндеу ротасы, Отар ауылы
• 10.11.2015 – 19.11.2020 – Рота сержанты, дене дайындығы және жауынгерлік даярлық жөніндегі нұсқаушы, Отар ауылы
• 19.11.2020 – 16.11.2022 – Дивизион сержанты, дене дайындығы және жауынгерлік даярлық жөніндегі нұсқаушы, зениттік артиллериялық дивизион, Отар ауылы
• 16.11.2022 – 06.04.2023 – Аға офицер, 2-ші зениттік артиллериялық дивизионның 6-батареясының взвод командирі, Отар ауылы
• 10.03.2023 – осы күнге дейін – Директордың міндетін атқарушы, Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Қордай су» ШЖҚ КМК.

Leave A Reply

Your email address will not be published.