Сарысу ауданы әкімінің 2024 жылғы 14 тамыздағы №71-ж/қ өкімімен Ермекбаев Данияр Мадиярұлы Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.![]()
![]()



Ермекбаев Данияр Мадиярұлы 12 қыркүйек 1986 жылы Жаңатас қаласында дүниеге келген.
2004 жылы Жаңатас қаласындағы М.Әуезов атындағы орта мектебін бітірген.
Білімі жоғары. 2004-2008 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің «Экономика және бизнес» факультетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Сарысу ауданы әкімиятының кәсіпкерлік бөлімінде іс-жүргізуші болып бастаған.
2008-2009 жылдары Сарысу ауданы әкімиятының кәсіпкерлік бөлімінің жетекші маманы,
2009-2010 жылдары Сарысу аудандық қазынашылық басқармасында жетекші маман-жетекші қазынашы,
2010-2016 жылдары Сарысу аудандық қазынашылық басқармасында бас маман-бас қазынашы,
2016-2017 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджеттің орындалуын бақылау жиынтық секторының меңгерушісі,
2017-2024 жылдары Сарысу аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру — бақылау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін Сарысу аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесінің басшысы қызметін атқарды.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп өсіруде.
https://www.facebook.com/100068552142069/posts/pfbid0rAmwASV23FAmWD1oJqFKFrV4Wu71xg6NyQdpG291MoZwZZBtBk1P9KkqvSbEPK6xl/?app=fbl