Таразда Халықаралық көлік бағдарында табиғи газды отын ретінде пайдалануды кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Ресей, Қытай және Қазақстанның ірі энергетикалық компаниялары «Жасыл энергия жібек жолы арқылы он мыңдаған шақырымды жүріп өту» атты табиғи газбен жүретін техникалардың ең ұзақ автошеруін күтіп алу рәсімі ұйымдастырылды.
Шара барысында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков, «Куньлунь энерджи» компанияның бас директорының кеңесшісі Кан Фуань, «ГазПром» ЖАҚ-ның сыртқы байланыс бөлім басшысының орынбасары Р.Канаев, «КазТрансГаз өнімдері» ЖШС-ның корпоративтік даму және активтерді басқару департаментінің директоры Т.Арыстанбаев, «КазТрансГаз өнімдері» ЖШС-ның Тараз өндірістік филиалының директоры Е.Ыскаков сөз сөйледі.
Іс-шараға облыстық және қалалық ардагерлер Кенесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени орталықтардың өкілдері, қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық бөлімдердің қызметкерлері, жоғарғы және арнаулы орындарының студенттері, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.