Т.Рысқұлов ауданы сақтық шараларына жіті мән беруде

153

Бүгінде адам өміріне, тіпті тағдырына тікелей әсер ететін 3 мамандық бар. Олар – мұғалім, дәрігер және полиция қызметі. Бірі – адам жанының, екіншісі – тәнінің емшісі және кейінгісі қоғамның қорғаны. Бір жылға жуық жалпыадамзатты дүр сілкіндірген індет жоғарыда аталған мамандық иелерінің абыройын айқындап, қызметінің өрісін аңдытты. Қытайдан бастау алған өлім індеті дәстүрлі ісіміздің, қалыпты тіршілігіміздің күйін өзгертті. Жаһанда екі жарым миллион адамның өмірін жалмап, бір миллиардтан астам адамды аурудың хәлін кештірді. Алысқа көз тастамай-ақ, босағадан ары көз тастасақ індеттің асқынған уақытында көршілеріміз, ағайын-туыстарымыз неше түрлі ырың-жырыңға, алып қашпа негізсіз деректерге сүйеніп, бойы көрінген дертті өршіткен кездерін де көзіміз шалды. Бірақ, уақыт талабы әлемдік медицина, жауапты мамандардың еміне, дәйекті негізіне сүйеніп қана, ауруды ауыздықтай алатынымызға сендірді. Сын сағатта басымызға түскен ауырпашылықты көтере білдік. Ақпарат көздерінен біліп жүргендеріңіздей, қазіргі таңда Covid-19-дың үшінші толқыны күтілуде. Демек, сіз бен біз болып, аудудың бетін қайтару үшін Бас санитарлық дәрігерінің қойған талабын қатаң сақтауымыз керек. Індеттің алдын алу мақсатындағы шаралар үздіксіз жүргізілуі қажет. Карантин талаптарын қатаң сақтауымыз маңызды. Сонымен қатар, ғалымдар аурудан арылудың басты жолы карантин талаптарын сақтау, екпе салдыру екенін айтады. Коронавирустың алдын алу бойынша Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары полиция қызметкерлері эпидемиологияға қарсы режимді сақтай отырып өздерінің қызмет атқаратын әкімшілік аумақтарында азық-түлік дүкендерін аралап, карантин режимін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты арнайы жасақталған мобильдік топ жұмысын жандандыру мақсатында, тағы да қосымша екі топ ашылып отыр. Ондағы мақсат — ауданымызда коронавирустық инфекциясының таралуын шектеу. Аймақ тұрғындарына бетперде режимін бей-жай қарамауға, көпшілікпен басқосуларға бармауға шақырамыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.