Түзеу мекемелерінде психолог мамандар бостандыққа дайындық бойынша сабақтар өткізуде.

163

Түзеу мекемелерінде психолог мамандар бостандыққа

дайындық бойынша сабақтар өткізуде.

ҚР ҚАЖ департамент мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру және сотталғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған жоспарды орындау мақсатында, «№25 мекемеде» жазасын өтеуден босатуға сотталғандарды психологиялық даярлау бағдарламасы бойынша сабақтар өткізілуде, 2022 жылдың аралығында 55 сотталған азаматпен өткізілді, тренинг сабақтары босату күнінен 6 ай бұрын басталады, соның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босату бойынша немесе жазаның өтелмеген бөлігін жеңілдетілген жаза түріне ауыстыруға жататындар кіреді. Бұл тренинг жаттығулары 15 күн уақыт аралығында түрлі жаттығулар өткізумен жүргізіледі.

Тренинг мақсатын: сотталған азаматты бостандықтағы өмірге және талаптарға дайындау, бойындағы үрей қорқыныштан арылуға көмектесу, өмір сүруге талпынысын жоғарлату, мақсат құруды үйрету, оны орындауға жол көрсету.

                                Тренинг талаптары.

  1. Қарым-қатынаста шынайылық.
  2. Әр уақытта топ жұмысына міндетті түрде қатысу.
  3. Талқыланған мәселелерді топтан тыс шығармау, құпиялылық.
  4. Әр топ мүшесінің «тоқта» деп айту құқығы — өз мәселелерін талқылауды тоқтату.
  5. Әр қатысушы өзі үшін, өз атынан сөйлейді.
  6. Сынамау және әркімнің өз пікірін білдіру құқығын мойындау.
  7. Барлық қатысушылар мен жетекші арасындағы байланыс «сен» консепциясы бойынша өткізіледі.
  8. Топтыкы әрқашанда дұрыс.

 

Тренинг барысында сотталғандарды бостандыққа дайындау процессіне жүргізілген жаттығулар: Мен»-концепция жаттығуы, «Әділетсіздік» жаттығуы, «Пайдалы іс» жаттығуы, «Мен бұл өмірде не үшін жауаптымын?» жаттығуы,  «Субтұлғалар щеңбері» жаттығуы,  «Субтұлғалар диалогы» жаттығуы, «Маңызды сурет» жаттығуы, «Болашаққа сенім» жаттығуы,  «Өмірлік мақсаттарды айқындау технологиясы» жаттығуы,  «Босатылғаннан кейінгі өмірлік жағдайды болжау» жаттығуы, «Отбасы суреті»жаттығуы,  «Отбасы мәселелері бойынша пікірталас» жаттығуы, «Отбасымен кездесу» жаттығуы, «Тілектер» жаттығуы, «Рөлдік ойын» жаттығуы, «Жұмыстандыру» жаттығуы, «Түйіндеме» жаттығуы, «Сиқырлы дүкен» жаттығуы, «Менің өмірімнің жоспары» жаттығуы, «Чемодан» жаттығуы, «Өз-өзіңе хат» жаттығулары өткізіліп, әр бір жаттығудың нәтижесі шығарылды. Тренинг соңында тренингке қатысқан сотталғандардың қалауы бойынша жеке кеңестер өткізілді.

 

«№25 мекеменің»

аға инспектор психологы

әділет капитан                                                                                  Ибраимова Г.Ж.

Leave A Reply

Your email address will not be published.