Түркияның барлық аумағында мемлекеттік ту жартылай түсірілді

129

Түркия елдің оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адам қазасына байланысты аза тұту күндерін бастады деп хабарлады turkystan.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның мемлекеттік тулары бүкіл ел аумағында жартылай түсірілді.

Бұған дейін президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарына байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялаған болатын.

Мемлекет басшысы қаралы күннің жариялануына байланысты Түркияның бүкіл аумағында және елдің шетелдегі өкілдіктерінде жексенбі, 12 ақпан күні күн батқанға дейін мемлекеттік тулар жартылай түсірілетінін айтты.

Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1762-ге жетті. Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою министрлігі (AFAD) хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, тағы 12 068 адам жарақат алған.

AFAD мәліметінше, Түркияның оңтүстік-шығысында кеше жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 балл және 13,24-те – 7,6 балл).

Leave A Reply

Your email address will not be published.