Түркиядаға жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты

106

Түркияда ақпан айында болған зілзаладан қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты. Бұл туралы Түркия парламентінде сөйлеген сөзінде Табиғи апаттардың зардаптарын жою басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезер айтты.

6 ақпандағы жер сілкінісінен 50 96 адам қаза тапты, 107 204 адам жарақат алды, – деп хабарлады Сезер.

Сондай-ақ, ол 300-ден астам адам құрылыс талаптарын бұзуымен байланысты күдіктер бойынша қамауға алынған айтты. Нақтырақ айтсақ, 104 мердігер, 161 прораб, 15 ғимарат иесі, үйлердің бастапқы құрылымына өзгеріс енгізген 18 адам күдікке ілініп отыр.

Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7, және 7,6 балдық жер сілкіністері болып, дүмпуі Сирияны да әбігерге салған. Ресми дерек бойынша, Түркияның өзінде ғана апат салдарынан 50 мыңнан астам тұрғын қаза тауып, 107 мыңнан астам зардап шеккен.

https://turkystan.kz/article/217692-turkiyadaga-zher-silkinisinen-kaza-tapkandar-sany-50-mynnan-asty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.