Түркістанда 20 миллион теңге тұратын жылқы ұрланды

100

Түркістан облысында жылқышы иесінің құны 20 млн теңге болатын жүйрік атын ұрлап кетті деп хабарладыturkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның Ақбастау ауылы маңында орналасқан қорасынан көкпарға қатысатын айғыры белгісіз жағдайда жымқырылған. Сонымен қатар малдарын бағуға сеніп тапсырған жылқышысы да хабарсыз кеткен. Жәбірленуші өз сөзінде аталған жүйрік аттың бағасы базар нарығымен 20 млн теңге екенін айтты.

Бұл ақпаратты алған тәжірибелі тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, іздеуге кіріседі. Куәлардан жауап алып, жақын аумақтарды аралайды. Жол талғамайтын қызметтік көлікпен тау-тасты мұқият қарап шығады. Мал базарлары мен көліктер тексеріледі. Соның нәтижесінде полицейлер келесі күні таңертең Түлкібас ауданындағы мал базардан аталмыш жылқыны сатылып тұрған жерінен табады.

Анықталғандай, шымкенттік жылқышы, жас жігіт малды сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсамақ болған. Жылқы заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда бұл дерек ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы толық анықталатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.