Түркістан облысында жоғалған туристің денесі табылды

165

Бүгін Түркістан облысы ТЖД құтқарушыларының күшімен теңіз деңгейінен шамамен 3800 метр биіктіктен 3 шілдеде жоғалған, 1967 жылы туған ер адамның денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz.

Турист таудың басынан түсіп келе жатқанда арқан үзіліп, мұз бойымен домалап, еңіске құлаған.

Қазір оны жаяу түсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таудағы қалыңдығы 20 см қар жамылғысы, таулы, тасты жер бедері түсіру жұмыстарын қиындатып жатқанын айта кеткен жөн.

Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Альпинизм федерациясының кәсіби альпинистері жұмылдырылды.

Жалпы, Сайрам шыңы – батыс Тянь-Шань жүйесіне жататын Өгем жотасының ең биік нүктесі. Оның биіктігі – 4238 метр. Шыңына жету қауіпті, оны тек кәсіби альпинистер бағындыра алады.

ТЖМ құтқарушылары таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады: тауға барар алдында маршрутты және ықтимал қауіпті учаскелерді мұқият қарап , ауа райы жағдайы мен жеке дене даярлығын ескеру қажет. Төтенше жағдайларға дайын болу және уақытылы қауіпсіздік шараларын қабылдау қажет. Топтан бөлінбей, бірге жүрген дұрыс.

Жүру жылдамдығы топтағы баяу жүретін адамның жүрісіне байланысты анықталады.  Өтпе жолдарды күндіз жол жақсы көрінетін кезде еңсерген жөн. Қауіпті учаскелерді, жылдам ағатын өзендерді және жырақтарды сенімді сақтандыру мен жабдықтар болған жағдайда ғана бағындыруға болады.

https://turkystan.kz/article/227554-turkistan-oblysynda-zhogalgan-turistin-denesi-tabyldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.