Түркістан облысында мектеп директорының төбелескен видеосы тарады

122

Желіде Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы мектептердің бірінің директоры мен оның туысы арасындағы төбелестің видеосы тарап кетті деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан ер адамның жанжалдасып жатқан адамды ұрып жатқанын көруге болады, оны жанындағы адамдар ажыратып алған.

Түркістан облысының білім басқармасы төбелестің екі жыл бұрын болғанын мәлім етті. Видеоның неліктен енді тарап жатқанын басқарма нақты түсіндірмеген. Тек мектеп директорының қатаң сөгіс алғаны белгілі болды.

«Оқиға Түркістан облысының білім басқармасының бақылауында. Бұл видеоролик бойынша мектеп директоры түсініктеме берді. Оқиға 2021 жылы туысының үйінде болған. Ол ішімдік ішпегенін, ашуланғаны себепті әдепсіз сөздер айтқанын мойындады. Директорға қатаң сөгіс жарияланды», – деді Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл жағдай бойынша полицияға ешкім арыз түсірмеген.

«Тексеру кезінде тәртіп сақшылары бұл факт отбасылық жанжал екенін анықтады. Яғни видеодағы ер адамдар бір-біріне туыс. 2021 жылдың маусымында туыстары арасында отбасылық мереке өтті, онда түсініспеушілік болған. Кейіннен жанжалдасқан екі адам қайтадан татуласты», – деп хабарлады ведомство.

https://turkystan.kz/article/226419-turkistan-oblysynda-mektep-direktorynyn-tobelesken-videosy-tarady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.