Түркістан облысында 114 шетел азаматының заңсыз жүргені анықталды

125

полицей

Түркістан облысында полиция департаменті 10 тәулік ішінде өңірде заңсыз жүрген өзбек азаматтарын анықтаған. Бірден әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша хаттама толтырылып, іс құжаттары сотқа жолданды.

Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 50 шетелдік сот шешімімен ел аумағынан аластатылса, төрт шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған Қазақстан Республикасының екі азаматының әрқайсысына әкімшілік айыппұл салынды, — делінген ақпаратта.https://stan.kz/turkistan-oblisinda-114-shetel-azamatinin-zansiz-zhurge-380751/

Leave A Reply

Your email address will not be published.