СҮРЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН ЖЕРГЕ СҮЙРЕМЕҢІЗ

55
Бүгін бір науқас келді. Қан қысымы көтеріліп тұр екен. “Қызым, менен қан алу керек”, — дейді. Түрі әбіржіп кеткен, қабағы қатулы.
— Жарайды, аға, бас дәрігер жіберсе — мен дайынмын. Келіңіз, — дедім.
— Қан тамырдан алайын ба, әлде денеден қан аламын ба? —
— Денеден, арқадан, — деді сосын. — Қан қысымымды түсіру үшін, қажетті нүктелерге.банкіні қойып , Қан алуға кірістім. Сол сәтте:
— Қызым, сүре қойып қойшы, — деді.
Таңғалдым:
— Неге сүре? — деймін.
— Бұрын менен бір жігіт қан алған еді. Ол сол кезде сүре қосып қойған. Өйткені, Пайғамбарымыз қан алғанда «Бақара» сүресін қоюды бұйырған дейді…
Мен:
— Сонда Пайғамбарымызда магнитофон болған ба, көрінген жерге сүйреп жүретін? — дедім.
Ары қарай саспай түсіндірдім:
— Аға, қан алумен сүренің қандай байланысы бар? Адам жарақат алса да қан шығады, ота жасағанда тіпті көп қан кетеді. Сонда операция кезінде де сүре қосып отыра ма? Бұл — медицина. Ауруды медициналық жолмен емдейді. Аурудың көбі жүйкенің әлсіреуінен, демалыстың жетіспеуінен, көңіл күйдің тұрақсыздығынан болады. Қазір бастысы — көңіл күйіңізді тұрақты ұстау. Өзіңізді тыныштыққа әкеліңіз. Маған сеніңіз. Бәрі жақсы болады.
Ауырып жатқан кісінің құлағына Құран қою — оны о дүниеге тартуы мүмкін. Себебі: Құран — көбінше “өлген соң не болады?” дегенге жауап беретін кітап. Өзі науқас кісіні сүреңіз — о дүниеге сүйретер, дем салғалы келген молда құсап, — дедім.
Сөзімді қабылдады.
Қанын алып болдым. Жаймен тұрғызып, жылы су бердім. Басына биік жастық қойып, қайта жатқыздым.
Міне, осындай жағдайға тап болдым. Біз бәрін дінмен байланыстырып, бұрмалап барамыз. Енді медицинаға да дінді араластыра бастадық. Осыны емделушіге кім, қай мимен айтып жүргені белгісіз.
Дәрігердің басты міндеті — алдымен науқастың көңіл күйін орнықтыру. Бірақ ол сүремен емес, жылы, сенімді сөзбен жасалады.
Медицинадағы ең маңызды сөйлем — “Бәрі жақсы болады. Маған сеніңіз.” Бұл — науқастың қорқынышын жеңілдетіп, емге деген сенімін күшейтеді .
“Сүре қойып барып қан алу керек” дегенді өмірі естімеппін. Бұл — білімсіздік. Болмаса, енді қан алуға да Құран қосып, рәсімге айналдырып аламыз ба?..

Leave A Reply

Your email address will not be published.