Сыбайластыққа қарсы тұру мәселесі қозғалды

514

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір- біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Осы орайда, қоғам кеселінің алдын алу жолдарын түсіндіру мақсатында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде келелі жиын өтті. Басқосуға «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі, «Таразкоммуналкөлік» бастауыш партия ұйымының төрағасы Бекбол Маймышев қатысып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шара барысында мекеме қызметкерлерінің сұрақтарына заң аясында түсініктеме берілді.

Жиын барысында баяндама жасаған бас партия өкілі «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» партиялық жобасына тоқталып өтті.

– Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығу тиіс. Жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сеніміне селкеу тұсіреді» деп жаңа заңнамалық негіздер қалыптастыруды алға қойған болатын.

1998 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» қолданыстағы Заңы көп жағдайларда уақыт ағымындағы өзгерістерге сай келмей, тұжырымдамасы жағынан ескіргендіктен, «100 қадам» Ұлттық жоспарын іске асыру мақсатында қабылданған  жаңа Заңдардың ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары  бар.

Аталған Заңдардың мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп қатерден, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне немқұрайды қарау өткір мәселе болып тұрғандықтан, тиісті мемлекеттік органдар мен азаматтардың алдында сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, себептерімен күресу міндеті тұрғанын қоғамның әр мүшесі түсіну керек.
Яғни мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа баруы сөзсіз тиімсіз болатын құқықтық атмосфераны жасау, Заң талаптарының басымдылығы.
Сондықтан да сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуді және қоғамда оның кез келген көрінісіне ымырасыз ахуалды қалыптастыруды жүйелі түрде жалғастыру әр мемлекеттік қызметкердің міндеті екенін  түйсінуіміз керек, – деді Б. Маймышев өз сөзінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.