Ағымдағы жылдың 30 маусым күні аудан әкімінің орынбасары Абдибекова Айтолқын Серікқызының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі І мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің ЮПТ инспекторы М.Ахментаев, білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Тапелова , аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы М.Отыншиев кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу, жыныстық тиіспеушікке қарсы қылмыспен күрес бойынша атқарылған профилактикалық жұмыстар туралы баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі ІІ мәселе бойынша аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы З.Сейілбек 2025 жылдың І жартыжылдығында комиссияның атқарған жұмыстары және хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша баяндама жасады.
Комиссия отырысының қорытындысында Абдибекова Айтолқын Серікқызы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамаларды назарға алып, жасөспірімдердің арасындағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шарасыларды көбейту, алгоритмге сәйкес жұмыс атқаруды және комиссия отырысының хаттамалық тапсырмаларының мерзімінде әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.