«Суды үнемде — болашақты сақта!»

21
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Суды үнемде — болашақты сақта!» тақырыбында өткен экологиялық сағатқа қатыстым.
Экосағатта студенттерге былтыр қабылданған Су кодексіндегі жаңашылдықтар, экономика салаларында суды үнемдеуді қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен олардың нәтижелері, тұрмыстық жағдайда суды үнемдеу тәсілдері, сондай-ақ Солтүстік Аралды сақтау, су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және жерасты суын игеру бағытындағы жобалар туралы айтып бердім.
Одан кейін ашық пікірталас өтіп, оның барысында қонақтармен бірге студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап бердік. Сондай-ақ экосағат аясында Еуразия ұлттық университеті студенттерінің, оқытушылары мен жас ғалымдарының үздік зерттеу жұмыстары мен жобалары таныстырылды.
Мемлекет басшысы атап өткендей, су ресурстарын тиімді әрі ұқыпты пайдалану — елдің орнықты дамуының негізгі басымдықтарының бірі. Болашақта жас мамандар су ресурстарын тиімді басқару, жаңа технологияларды енгізу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру ісінде айрықша рөл атқарады. Сондықтан олардың білімі мен жаңа идеялары Қазақстанның су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қоса алады.
Суды үнемдеу — баршамызға ортақ міндет. Күнделікті өмірдегі тіпті шағын әрекеттердің өзі үлкен нәтижеге жеткізеді. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана біз еліміздің су ресурстарын сақтап, оны келер ұрпаққа аман жеткізе аламыз.
Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы — Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.