Су тасқыны: өңірлерде 21 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды

42

Су тасқыны: өңірлерде 21 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды

Еліміздің орталық және солтүстік өңірлерінде су тасқыны жағдайы тұрақталуына байланысты су тасқыны қауіпті өңірлерге жұмылдырылған ТЖМ күштері мен құралдарының тұрақты орналасу орындарына оралып жатыр. Сонымен қатар Ресей Федерациясы жағынан Жайық және Есіл өзендерінің арналарында судың көтерілу болжамына байланысты Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары ерекше бақылауда. Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп су тасқыны жағдайы бойынша жедел ақпаратты ұсынды.

Осы сағатта 21 494 адам өз үйлеріне оралды. 8 786 адам, оның ішінде 3 814 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 534 тұрғын үй мен 2 763 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,7 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 862 жеке тұрғын үй, 1 065 аула аумағы су астында қалуда, – деді спикер ОКҚ алаңында.

ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының психологтары су тасқыны қаупі бар өңірлердің тұрғындарына шұғыл психологиялық және ақпараттық көмек көрсету мақсатында тәулік бойы кезекшілікті жалғастыруда. Жедел желі телефонына 2 036 қоңырау түсті.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 31 942 адам,  4 593 техника, 797 су сору құралы, 325 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.

https://turkystan.kz/article/242377-su-tas-yny-irlerde-21-my-nan-astam-adam-z-ylerine-oraldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.