Су тасқыны: Мал шығынына байланысты өтемақы төлеу алгоритмі әзірленді

140

Су басқан өңірлерінде қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде 60 мыңнан астам жануар қауіпсіз учаскелерге көшірілді. Оның ішінде: Ақмола облысы – 18,8 мың бас, Қостанай облысы – 12,9 мың бас, Ақтөбе және Атырау облыстарында – 10 мың бастан көп, БҚО – 4,5 мың бас, Қарағанды облысы – 1,5 мың бас. Бұл туралы ҚР АШМ ресми өкілі Олжас Тлебалдин ОКҚ алаңында хабарлады.

Деректерге сенсек, еліміздің 7 өңірінде су тасқыны салдарынан 5 711 бас мал өлді. Оның ішінде ІҚМ – 1 137, ұсақ мал – 4 051, жылқы – 457 және басқа да жануарлар бар.

«Алғашқы күндерден бастап, су басқан аумақтардағы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу мақсатында Министрліктің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жануарлар өлекселерін жинау және жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы іс-шараларды жүргізу үшін тиісті 90 бірлік техника, қызметкерлер штаты және жою шаралары үшін қажетті дезинфекциялық заттар бар», — деді спикер.

Ал, қазір АШМ құрылымдық бөлімшелері ауыл шаруашылығы бағытында жұмысты үйлестіру үшін су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда жүр. Мал шығынына байланысты өтемақы төлеу алгоритмі әзірленді. Ол халыққа және залал анықтау жөніндегі комиссияның назарына жеткізілді.

 

https://qazdauiri.kz/news/zambyldyq-zertteusiler-1000000-tengelik-syiaqy-zenimpazy-atandy

Leave A Reply

Your email address will not be published.