Су тасқынның алдын алу

81
Елімізде көктем келсе су тасқыны мен сел жүру қаупі күшейе түседі. Осыған орай Мойынқұм ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді.
Ауданда осы бағыттағы жұмыстар үнемі бақылауда және барлық қажетті шаралар қолға алынған.
Егін шаруашылығына пайдаланылатын арық-атыздарды тазалау және су тасқынының алдын алу жұмыстары да жергілікті ауылдық округ әкімдері тарапынан тұрақты түрде жүзеге асырылып отыр.
Бұл жұмыстар аудан әкімі тарапынан жіті қадағаланып, әрбір елді мекен үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде тексеріс жүргізілуде.
Қыс-көктем мезгілдерінде келетін тасқын судың елді мекендерге залал келтірмеуі үшін барлық алдын алу шаралары қабылдануда.
Осы мақсатта Шу өзеннің арнасы мен Радай көпіріне арнайы барып, бақылап қайттым.

Leave A Reply

Your email address will not be published.