Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Аризона университеті ынтымақтастықтың жол картасын әзірлеп жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Аризона университеті ынтымақтастықтың жол картасын әзірлеп жатыр. Құжат аясында қазақстандық мамандарға арналған бірлескен семинарлар, оқу курстары мен тағылымдамалар ұйымдастыру, еліміздің ерекшеліктерін ескере отырып, гидрологиялық модельдерді әзірлеу және бейімдеу, сондай-ақ климаттың өзгеруі жағдайында су ресурстарын тұрақты басқару саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру көзделген.
Еске салайық, биыл Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелламен кездесіп, ықтимал ынтымақтастық бағыттарын талқылаған болатын.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Аризона университеті Қазақстанда М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында жұмыс істейді. Бұл жоғары оқу орындары бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асырып, бірқатар ғылыми-зерттеу жобаларын іске асырып келеді.