Алматы облысында жалпы ұзындығы 68,5 шақырым болатын ирригация жүйелерін жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Балтабай суару алқабындағы ирригация жүйелерін жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын.
Жоба аясында жалпы ұзындығы 68,5 шақырымнан асатын 31 каналды реконструкциялау көзделген. Оның ішінде жалпы ұзындығы 15,2 шақырым болатын 4 канал шаруашылықаралық, ал жалпы ұзындығы шамамен 53,3 шақырымды құрайтын 27 канал шаруашылықішілік каналдарға жатады.
Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары 100 пайызға орындалған. Жобаны іске асыру Балтабай ауылдық округіндегі 5 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді.
– деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов.