Су айдындарын аулардан тазартайық!

403

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен 2019 жылғы 17 тамызда Қазақстанның 72 су айдындары мен учаскелерінде «Аулардан таза су айдындары» атты экологиялық акциясы өтеді.
Акцияның мақсаты – су айдындарды тасталған және заңсыз қойылған аулардан тазалау.
Шараға Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары, жергілікті мемлекеттік органдар, балық шаруашылығы субъектілері, орман шаруашылықтары, экологиялық ұйымдар және белсенділер мен еріктілер қатысады.
Игі шара Ақкөл, Тасөткел, Бөгеткөл, Билікөл, Теріс және Оңтүстік Балқаш көліне қарасты 3 участокте өткізіледі.
Акцияға қатысуға баршаларыңызды шақырамыз.
Шараның басталу уақыты 09:00. Орны: Билікөл көлі

Leave A Reply

Your email address will not be published.