Стамбұлда 2024 жылы SITE жаһандық конференциясы өтеді

226

Биыл Incentive Travel Excellence қоғамы (SITE) жаһандық конференциясын 2024 жылдың 26-29 ақпаны аралығында Cтамбұлда өткізеді. Түркияда ынталандырушы туризмді дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізетін SITE Türkiye ұйымдастырған конференция әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларға Түркияны тану мүмкіндігін ұсынады.

Аталмыш іс-шара Қоғамның 50 жылдық мерейтойының маңызды оқиғасы болмақ. SITE 2024 жаһандық конференциясы Cтамбұлда әлемнің түкпір-түкпірінен туризм секторына тиесілі жүздеген мүдделі тараптардың басын қосады.

90 елде 2500-ден астам мүшесі бар және жарты ғасырлық тарихы бар SITE жетекші туризм қауымдастығы саналады. Салалық тәжірибесінің сандық нәтижелерін жаһандық бизнес әлемімен бөлісетін SITE-ның дүние жүзінде 27 жергілікті және аймақтық кеңселері бар. Түркия Еуропадағы қауымдастықтың серпінді серіктесіне айналуға қауқарлы.

Стамбұлда 2024 жылы SITE жаһандық конференциясы өтеді

SITE туризм саласына қатысы бар барлық тараптарға өзара тиімді байланыстар ұсына отырып, туризмді дамытуды көздейді. Желілік күш-жігер, онлайн ресурстар, оқыту және сертификаттау арқылы Ұйым өз мүшелеріне жаһандық және жергілікті деңгейде құндылық қосады.

Өнеркәсіп мамандары Стамбұлды таниды

SITE жаһандық конференциясының қатысушылары бір-бірімен танысуға және маңызды ақпараттарды дереккөз қайнарынан алуға мүмкіндігі бар. SITE-ге Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Канада, Ирландия, Франция, Швейцария, Испания, Мексика, Германия, Аргентина, Аруба, Австрия, Австралия, Багам аралдары, Бельгия, Бразилия, Кайман аралдары, Қытай, Хорватия, Коста-Рика, Чехия, Египет, Венгрия, Исландия, Үндістан, Израиль, Италия, Латвия, Нидерланды, Панама, Португалия, Шотландия, Сингапур, Словения, Тайвань, Таиланд, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Зимбабве және Жапония мүшелікке өткен.

Стамбұлда 2024 жылы SITE жаһандық конференциясы өтеді

2024 B2B шарасы келесі ақпан айында Түркияда алғаш рет өтеді. Түркияда  туризмді дамыту бойынша белсенді жұмыс істеп жатқан SITE-Түркия ұйымы Стамбұлда ұйымдастыратын конференцияға 500-ден астам сала мамандары қатысады деп жоспарланып отыр. Үш күнге созылатын іс-шара конференциялар мен салалық секцияларға бөлінген. Сонымен қатар, SITE жаһандық конференциясы туризм мамандарына барлық уақыттағы әлемдегі ең жақсы 10 ынталандыру бағытының бірі болып табылатын Түркияны тануға мүмкіндік береді.

https://turkystan.kz/article/219439-stambulda-2024-zhyly-site-zhahandyk-konferentsiyasy-otedi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.