Стадион бағанынан түспей қойған тараздықтың арнайы есепте тұратыны анықталды

732

Бүгін полицияға Тараз қаласының Орталық стадионында орналасқан биік бағанаға облыс орталығының тұрғыны мініп, төменге түспей жатқандығы туралы хабарлама түскен. Аталған орынға Тараз қаласының прокуроры Ж.Сматов пен Полиция басқармасының бастығы А.Заурбеков жетіп, арнайы құралмен жоғары көтеріліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 43 жастағы тұрғын жерге түсіп, қазіргі уақытта мән-жайларды анықтау бойынша тиісті іс-шаралар қабылдануда.

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен қажетті жұмыстар атқарылды. Полиция қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті сақтау үшін аумақ дер кезінде бақылауға алынды. Зардап шеккендер жоқ, оқыс оқиғалардың орын алуына жол берілген жоқ.

Аталған азаматтың Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында есепте тұратындығы анықталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.