9 мамыр – Жеңіс күніне орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында арқан тартудан және қол күресінен спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Бұл күні сотталған азаматтар бұқаралық спорттың бірнеше түрінен бақ сынасып, өзара кім мықтыны анықтады. Ал, тартысты өткен ойын нәтижесінде белсенділік танытқан жазалы азаматтарға мекеме әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар табысталды.
— Сайысты ұйымдастырудағы мақсат – арнайы контингент арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, бұқаралық спорттың дамуына ықпал ету. Осы орайда, мұндай шаралар жазасын өтеушілердің қоғаммен байланысын арттыруға серпін береді деп білеміз, — деді мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов.