«Сөзді ұстау – өнер, тілді ұстау – шеберлік»
Автор:
Ләззат Асанова,медиатор
Қазіргі қоғам сөзге бай, алайда көңілге жұтаң. Әлеуметтік желілер, жедел хат алмасулар, пікір алмасу алаңдары — бәрі жылдам реакцияға үйретіп қойды. Бір пікір шығады — бірден жауап дайын. Бір сын айтылады — эмоция лап ете қалады.
Жүрек күйіп, тіл алға ұмтылған мезет – адамның шынайы сынақ сәті. Бір сәттік ашу адамды тұтқын етсе – сабыр оны еркін етеді.
Кей жағдайда үнсіз қалған адамды «жұмсақ», «әлсіз» деп қабылдайды. Бірақ шын мәнінде сабыр — ішкі тәртіптің, сана биіктігінің белгісі.
• Қарым-қатынасты сақтайды
• Реніштің алдын алады
• Жан тыныштығын қамтамасыз етеді
• Өмірге тепе-теңдік сыйлайды
Қоғамға жетіспейтіні – сабыр мәдениеті
Қазір не жетіспейді?
Тез жауап – дұрыс жауап емес.
Тез пікір – терең пікір емес.
Сондықтан әр адамға
– қажет кезде сөйлейтін,
– одан да маңызды кезде үндемей қалатын
даналық пен сабыр нәсіп болсын.![]()
![]()
![]()