Әйел сот залында қамауға алынды.
Бұған дейін Тараз қаласының №2 сотының судьясы Фариза Өтешованы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ұстағаны белгілі болған. Ол сотталушыдан 2 миллион теңге алды деген күдікке іліккен. Өтешоваға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі «Пара алу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Судья мас күйінде рөлге отырып, жол апатына себепкер болған көлік иесінен ақша алды деп айыпталды.
Бұл ақша сотталушыны жүргізуші куәлігінен айырмау туралы сот шешімі үшін сыйақы ретінде тағайындалған.