Алматы облысында құрылатын жаңа қалада екі миллион адам тұратын болады

99

G5 сити

Caspian group

Аймақ басшысы Қонаев және Алматы қалаларының арасында «G4City» жобасын жүзеге асыру қайта қолға алынғанын жеткізді.

“»Бұл бағыттағы алғашқы қадам –арнайы экономикалық аймағын құру. Ол «G4 City» қаласын және Қонаев қаласының бір бөлігін қамтитын болады. «G4 City» қаласы бойынша құны 3,7 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту, 3,2 трлн теңге салық түсімдері, сондай-ақ 34 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», – деді Марат Сұлтанғазиев.



Айта кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «G4 City» қаласын жеке әкімшілік бірлік ретінде құру жұмыстары жүргізілуде.

“Оның аумағы 88 мың гектарды құрайтын 4 аймаққа бөлінеді. 2050 жылға қарай 2 миллионнан астам адам тұрады деп болжануда”, – делінген мәліметте.

Бұған дейін де Алматы облысында тағы бір қала пайда болуы мүмкін екені хабарланған болатын. Алматы облысы Іле ауданындағы Жетіген ауылын облыстық маңызы бар қалаға жатқызу ұсынылды. Алматы облысындағы жаңадан құрылған қалаға «Алатау» атауы берілмек.

https://stan.kz/almati-oblisinda-kyrilatin-zhana-kalada-eki-million-ada-392035/

Leave A Reply

Your email address will not be published.