Сотталғандарға ойсалар көркем фильм көрсетілді

149

Жазасын өтеушілердің бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру иммунитетін дамыту, олардың азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру — басты міндеттердің бірі. Себебі, бұл ғаламдық мәселе қазіргі таңда әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырғаны жасырын емес. Сол себепті де, дінтанушылар түзеу мекемелерде аталған мәселеге байланысты үнемі түсіндерме жұмыстарын жүргізеді.

Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты № 25 мекемесінде сотталғандар арасында діни экстремизммен терроризмнің алдын алу мақсатында «Сағым» атты көркем фильмі сотталғандар назарына ұсынылды.

Фильмді тамашалаған жандар ерекше әсерге бөленіп, қоғамда болып жатқан оқиғалармен бетпе-бет келгендей күй кешеді. Сотталғандар қойылымды көре отырып, бақытпен бақытсыздықты, тура жолмен бұрыс бағытты бағдарлап, бейбіт күннің қадірін бағамдай түскендігін жасыра алмады.

Қорыта келгенде, сүрініп кетіп, тағдыры бүлініп кеткен осылайша темір торға тоғытылғандарға бұл қойылымның берері мол-ақ.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.