Сотталғандар тазалық сақтауға атсалысты

530

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар ҚР ҚАК-нің 121 бабының талаптарына сәйкес кезектілік тәртібімен жұмыстан бос уақытта ұзақтығы аптасына екі сағаттан аспайтын мекемені абаттандыру және онда тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстарға тартылады. Бұл жұмыстардың мақсаты сотталғандардың өздерінің жатын бөлмелерін, ортақ пайдаланылатын үй-жайларын тазалауы, сонымен қатар мәдени-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық тұру жағдайларын жақсарту болып табылады. Тазалық жұмыстарына барлық сотталғандар жұмылдырып, қауіпсіздік ережелері сақталып отырады.

ЖД-158/5 мекемесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.