Сотталған азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді

19

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде сотталған азаматтарға арналған құқықтық көмек көрсету шарасы өткізілді. Оның мақсаты – жазасын өтеушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және оларды толғандырған құқықтық мәселелер бойынша нақты жауап беру.

Шара барысында сотталғандарға әлеуметтік және құқықтық бағыттағы кеңестер берілді. Онда заңгер К.Калганов түрлі мәселелер бойынша сауалдарға жауап беріп, практикалық көмек көрсетті.

Шараның ашық әрі еркін форматта өтуі қатысушыларға өз мәселелерін бүкпесіз айтуға мүмкіндік берді. Құқық қорғаушы әрбір сауалды мұқият тыңдап, нақты заңнамалық нормаларға сүйене отырып жауап қайтарды.

Мұндай шаралар жазасын өтеушілерге құқықтық қолжетімділік пен қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.