Соңғы қоңырау: Оқу-ағарту министрі ата-аналарға үндеу жасады

35

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев соңғы қоңырау кезінде ата-аналар мектептегі мерекелік іс-шараларға шығындалып, балаларды ысырапқа үйретпеуі керек екенін мәлімдеді.»Соңғы қоңырау 25 мамыр болып қалады, ол тиісті бұйрықта тұр. Біз балаларымызға ақшаны орынсыз жұмсауға үйретпеуіміз керек. Өйткені мектеп – тәрбие ортасы, өскелең ұрпаққа үлгі. Қазір ата-аналар мейрамхана мен дәмхана іздеп әуре болып жүрсе, онда біз қандай ұрпақ өсіреміз? Сондықтан қарапайым және үнемді болған жөн. Барлық қаражатты мейрамханаларға емес, балалардың әл-ауқатына жұмсаған дұрыс. Ал жинаған ақшаны мейрамханаларға шашу – балалардың болашағы мен әл-ауқатына теріс әсер етеді», — деді Ғ.Бейсембаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистерге.

Фото: malim.kz
https://buginmedia.kz/1465/so-y-o-yrau-o-u-a-artu-ministri-ata-analar-a-ndeu-zhasady?fbclid=IwY2xjawI-tPZleHRuA2FlbQIxMQABHRG9EH82hJJ4qyqlDCtxdMH6g0ofelTf3frDIYhk4cqoEVtsj27NiIBcmg_aem_2QE8iE9JjuaD8qAfDNFqGg

Leave A Reply

Your email address will not be published.