2025 жылғы 26 ақпан сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 846-856 шақырым аралығындағы учаскесінде (Тахтарброт ауылының бұрылысы — Ақмола облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 2025 жылғы 27 ақпан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
Айта кетейік, республикалық автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары ұдайы жүргізіледі.
turkystan.kz