СҚО-дағы қайғылы жағдай: жалғызбасты әке мен оның 4 баласы көз жұмды

34

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында үй өртеніп, бес адам көз жұмды. Түн ортасында дабыл қағылып, өрт сөндірушілер оқиға орынына жеткенше, жер үй қызыл жалынға оранған.

Бұл 100 шаршы метр үйде бес бала тәрбилеп отырған жалғызбасты әке тұрған. Перзенттерінің анасы бірер жыл бұрын ғана қайтыс болыпты. Өзі ауылдағы шаруа қожалығында жұмыс істеген. Өрт сөндірушілер тілсіз жау жалмап, күлі ғана қалған үйдің орынынан бес адамның денесін шығарды —  40 жастағы әке және оның үш қызы мен бір ұлы.

Ал Петропавлда колледжде оқитын үлкен ұлы сабақта болып аман қалған.  Қазір оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Облыс әкімдігі марқұмдардың жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсететін болды.

«Кәмелетке толмаған студент енді колледж жатақханасында тегін тұрады.  Оған психологиялық көмек көрсетілуде. Материалдық көмек көрсету және оқу ақысын төлеу мәселесі шешіледі. Алдағы уақытта тұрғын үймен қамтамасыз ету жағы қарастырылады. Жақын туыстарына қамқоршылық ресімдеу мәселесі ерекше бақылауда болмақ», — дейді СҚО әкімінің баспасөз хатшысыТимур Әбдіреш.

Фото: видеодан алынды

https://buginmedia.kz/1210/s-o-da-y-ay-yly-zha-day-zhal-yzbasty-ke-men-ony-4-balasy-k-z-zh-mdy?fbclid=IwY2xjawH_eEdleHRuA2FlbQIxMQABHYXYJ4iSLcxfe0YrPi1nqjr-cIhDUh6-IrJV2jjm-CpT6LRaUoab5e2q0g_aem_HIdHbrQ8Ect_sKFSd3UNHA

Leave A Reply

Your email address will not be published.